Су мен энергияны үнемдеу жолы
Қарапайым нәрселер үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін! Жуғыш құралдардың энергия шығыны мен CO2 шығарындыларының 80%-ы пайдалану фазасына, яғни үйді кір жуудың нақты процесіне байланысты. Бұл негізінен кір жуғыш машинадағы суды жылыту үшін қажет энергиямен байланысты.
Жуу және машинаны жүктеу бағдарламасын таңдаудағы кішігірім өзгерістер экологиялық тазалықты арттыруға үлкен үлес қосуы мүмкін.
Кірді төмен температурада жуу үшін біз жылдар бойы Persil формуласын үнемі жетілдіріп отырдық.
Салқын сумен жуу формуламыз арқылы Сіз киімді төмен температурада жуып, жаңа жуылған киімді кие аласыз және жыл сайын 60 еуроға дейін үнемдеп отырасыз. Сонымен қатар, 30° температурада жууды таңдау арқылы кір жуғыш машинаның климаттың өзгеруіне әсерін 50%-ға азайтуға болады.
Кір жуғыш машинаны толығымен жүктеу суды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар электр энергиясына арналған шотта ақша үнемдеуге де көмектеседі.
Жуу процедурасын жоспарлау, сондай-ақ бірдей ластанған киімдерді сұрыптау және жинау арқылы Сіз барабанды жартылай ғана толтырып жуудан аулақ бола аласыз, бұл жуғыш құралды және жылдық электр қуатының 70%-ын үнемдейді.
Сіз қабылдаған шешімдердің қоршаған ортаға қаншалықты зиян келтіретінін білу үшін бірнеше минут тауып, Henkel және Вуппертал институтында (Германия) жасалған калькуляторды пайдаланыңыз. Осы калькулятордың көмегімен өзіңіздің қоршаған ортаға қаншалық зиян келтіретініңізді тез анықтай аласыз.