Болашақ сұйық кір жуғыш құралдардікі
Persil кір жууға арналған нарығын ауыстыруда
Кір жууға арналған экологияға сай құралдар нарығын дамытудың басты қадамдары
Кір жууға арналған инновациялық сұйық құралдардың бірі болып табылатын Persil-мен кір жуу Сіздің киім-кешегіңіздің керемет тазалығы мен балғындығы ғана емес, бұл ақылға қонымды тұтынуға қосқан үлесіңіз. Persil-дің жаһандық маркетингтік стратегиясының ажырамас бөлігі кір жууға арналған құралдар нарығын өзгертіп, оны сұйық құралдар сегментіне қайта бағдарлау. «2020 жылға қарай кіржууға арналған сұйық құралдар сегменті(гельдер мен мөлшерлерген құралдар /капсулалар) бүкіл әлемнің кір жуу құралдары нарығының жалпы көлемінің х% құрайтын болады…», - деп санайды Henkel компаниясының кір жууға арналған кір жуғыш құралдары жөніндегі аға вице-президенті Георг Баратта-Драгоно. Алайда құралдар нарығының бұл өзгерісі өзінен-өзі бола салмайды. Ол үшін арнайы бренд- стратегияларды әзірлеу керек әрі едәуір көлемде инвестиция салу қажет. Сол себепті Persil «Болашақ -- сұйық кір жуғыш құралдардікі» бағдарламасын іске асыра бастады. Георг Баратт-Драгононың сөзіне жүгінсек, тұтынушылардың кір жуғыш ұнтақтарды пайдаланудан кір жууға арналған сұйық құралдарды пайдалануға ауыстыру үшін, Henkel компаниясы өзінің маркетингке арналған бюджетінің X%-ын жұмсауы тиіс. Мәселен, соңғы кезде құрамында температура тұрғысынан тұрақты энзимдер құрамдастырымы бар жетілдірілген инновациялық формуланың арқасында дамушы нарықтарда Persil-дің кір жууға арналған сұйық құралдарына сұраныс күрт өсті.
Тұтынушыларды сұйық құралдармен кір жуудың нақты артықшылықтарымен таныстыру үшін Persil көптеген нарықтарда телевизиялық ақпараттық роликтер шығаруда. Persil-дің «Болашақ -- сұйық кір жуғыш құралдардікі» бағдарламасының тағы бір басты элементі саудадағы әріптестерімен сауда орындарындағы маркетинг мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық құруы болып табылады. Бұл кір жууға арналған құралдардың экологиялық тұрғыда барынша тиімділерін тұтынуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Неге кір жууға арналған сұйық құралдарды пайдалану кір жуғыш ұнтақтармен салыстырғанда экологиялық тұрғыда тиімдірек болып табылады? Құндылықтар жасау тізбегіндегі бірнеше аспект кір жууға арналған сұйық Persil құралдарының экология тұрғысынан алғанда, кір жуғыш ұнтақтарға қарағанда тиімдірек болып табылатынын дәлелдеп отыр.
Гельдердің пайдасына экологиялық тұрғыда тиімді таңдау
- Шикізат: кір жууға арналған Persil сұйық құралдарының басты ерекшелігі кір жуғыш ұнтақтармен салыстырғанда, олардың құрамында жаңғыртылатын шикізаттар мөлшерінің артық болатыны.
- Өндіріс: кір жууға арналған сұйық құралдарды өндіру барысында энергия тұтыну мөлшері 80%-ға қысқарады.
- Инвестициялар: Persil өзінің кір жууға арналған сұйық құралдар өндіретін кәсіпорындарын жаңғыртуға және олардың тиімділігін арттыруға қаражатты тепе-тең мөлшерде жұмсайды.
- Логистика: кір жууға арналған сұйық құралдардың ықшамдығы жүк тасымалдау санын азайтуға өз ықпалын тигізеді. Бұл логистиклық қызмет барысында энергияның елеулі көлемде үнемделуін және ауаға көмірқышқыл газын шығару мөлшерінің төмендеуін туғызады.
Кір жууға арналған сұйық құралдарды қолдану барысында тұтынушының іс-әрекеттері экологиялық жүктемені төмендетуге қалай әсер ете алады?
Ауаға шығарылатын көмірқышқыл газдың жалпы мөлшерінің 80%-ы кір жуғыш ұнтақты пайдалану барысында орын алады екен, ал шикізатпен қамтамасыз ету, өндірісті жүргізу, логистика және кәдеге жарату кезінде жиынтығын есептегенде, ауаға шығарылатын бүкіл көмірқышқыл газ көлемінің 20%-ы ғана келеді екен. Егер кр жуғыш машинамен кір жуған кезде энергияның көбі барабанды айналдыру мен суды жылытуға жұмсалатынын ескерсек, қоршаған ортаға кері әсердің себептері айқын.
Ауаға шығарылатын көмірқышқыл газдың көлемі тұтынушылар таңдаған кір жуу бағдарламасы мен температурасына тікелей тәуелдіболып табылады. Осыған байланысты бастыміндетіміз -- тұтынушыларымызға қоршаған ортаға қамқорлық жасау тұрғысынан кір жуудың сауатты амалдарын үйрету.
Тұтынушылардың хабардарлығын және оларды кір жууға қатысты экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу үшін тұтынушыларды мүмкіндігінше төмен температураларда кір жууға шақыратын жаңа белгі әзірленді. Ол белгі 2017 жылдан бастап Persil жуғыш құралдарының қаптамасына орналастырылатын болады. Кір жуғыш ұнтақтарға қарағанда, кір жууға арналған сұйық құралдар суға түскен кезде дереу ериді. Демек, кірін гельмен жуған кезде тұтынушылар көбінесе төмен температураны таңдайтын болады. Бұл Э Persil-дің кір жууға арналған сұйық құралдарының кір жуғыш ұнтақтарға қарағанда, экологиялық тұрғыда әлдеқайда ұтымды болып табылатынының дәлелі.