Киімдегі және басқа заттардағы лас дақтардан қалай құтылуға болады
Жаңбырлы күні, көшеде жаңбыр жауып отырғанда, жайлы төсек орныңызда жатқанға не жетсін, дегенмен жаңбыр жауғаннан кейін лас шалшықтар пайда болады, және олардвң жанынан балаларыңыз жай ғана өте қоймайды. Дымқыл, лас шұлықтар, жейделер немесе шалбарлар мәселесімен тап болғанда, мұндай жағдайда қалай дұрыс әрекет ететінін білу қажет. Бақытқа орай, мұндай міндетті орындау тым оңай.
Лас дақтарының түрлері
Заттарды жууға кірісер алдында олардың ластануының себебі не болғанын түсіну қажет. Егер бұл құрғақ топырақтың іздері болса, олар даққа айналып кетпегенше, олардан ақырын шөткемен тазартып құтылуға болады. Егер әңгіме сұйық лай туралы болса, ол бір сәтте киімге сіңіп кетеді.
Лайдан қалған дақтарды кетіру: қадамдық нұсқаулық
Дақты кетіруге кірісер алдында бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Сосын төменде ұсынылған ұсынымдарды орындаңыз.
- Өңделетін матаның түріне сәйкес тиісті Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз.
- Шөткенің көмегімен кепкен лайдың қалдықтарын матадан жойыңыз.
- Өнімнің заттаңбасында көрсетілген мөлшерлеу бойынша ақпаратты мұқият оқып біліңіз.
- Бұйымның затбелгісіндегі және кір жууға арналған құралдың заттаңбасындағы ақпаратты басшылыққа алып кір жуу режимін таңдаңыз.
- Қажет болған кезде дақтың алдын ала өңдеуін жүргізіңіз.
- Киімді ол үшін рұқсат етілетін температурада жуыңыз.
- Киіде лай іздерінің қалмағанына көз жеткізіңіз.
- Қажет болған кезде кір жуу рәсімін қайталаңыз.
Кір жуу және дақтарды кетіру үшін қолайлы құралды таңдаңыз.
Киімнен дақтарды кетіруге кірісер алдында бұйымыңыздың заттаңбасындағы ақпаратты тексеріңіз. Кірді автоматты түрде жуу үшін Persil Vernel ұсынған Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктем Балғындығы топтамалардан шыққан ақ және ақшыл заттарды жууға арналған құралдарын пайдалануға болады. Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color немесе Persil Color Vernel ұсынатын Балғындық топтамаларынан шыққан құралдарды пайдалануға болады. Лай дақтары негізінде қатты пигменттерден тұрады. Мұндай жағдайда сіңіп кеткен қара дақтардан киімді шөткемен тазартумен үйлесімде матаны кір жууға арналған сұйық құралмен алдын ала өңдеу көмектеседі. Нәзік маталар нәзік күтім көрсетуді талап етеді, сондықтан оларды Perwoll құралын пайдаланумен жуу қажет.
Дақтарды алдын ала өңдеу
Ластанулардың басқа түрлерінен ерекше осы жағдайда лай дағының кепкенін күту қажет. Сосын түгі қатты емес нөткенің көмегімен матаның бетінен қатты заттың қалдықтарын кетіру керек. Егер Сіз гельді пайдалансаңыз, ластанған жерге Persil кір жууға арналған құралының кішкене көлемін жағыңыз, оны саусақтармен немесе шөткемен ақырын сылап сіңіртіңіз және бірнеше минут күтіңіз. Содан кейін затты жуу қажет. Егер сіз сіңіп кеткен немесе ескірген дақтарға тап болсаңыз, затты кір жууға арналған құрал ерітілген суда кем дегенде екі сағатқа алдын ала жібіту қажет.
Кір жуу және шаю
Затты ол үшін рұқсат берілетін температурада жуыңыз (бұйымның затбелгісіндегі ақпаратты қараңыз). Кір жууға арналған құралды қатты ластанған кір үшін көрсетілген көлемде пайдаланыңыз (қаптамадағы мөлшерлеуді қараңыз).
Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру
Жуылған киімді кептіргішге салар алдында міндетті түрде дақтың кеткенін тексеріңіз. Егер затта лай дақтары қалса, былғанған матаны алдын ала өңдеу және жуу рәсімін қайталаңыз.
Лайдан қалған дақтарды киім мен маталардың ерекше түрлерінен кетіру
Жібек сияқты нәзік маталар немесе қолмен жууға жататын заттар дақтарды кетіру мәселесін шешуге ерекше тәсілдемені қолдануын талап етеді. Жууға жататын жұқа маталардан жасалған киімді жер немесе қызыл саз іздерінен қалған дақтардан жуу үшін, Ласка құралын пайдаланыңыз немесе заттарыңызды қолмен жуыңыз. Сонымен қатар кірді екі сағатқа алдын ала жібіту ұсынылады, бұл сіңіп кеткен дақтарды әлсіздендіруге көмектеседі.
Егер затбелгіде "құрғақ жуу" көрсетілсе, тәуекелге бармаңыз - кәсіпқойларға сенім білдіріңіз де заттарды химиялық тазартуға тапсырыңыз.
Мақтадан жасалған және полиэстер қосылған маталар жоғары беріктігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. Оларды машинада, қолмен жууға, химиялық тазартуға апшу немесе мата талшықтарының бүлінуісіз салуға болады.
Ақ киімнен лай дақтарын халықтық құралдармен кетіру
Көптеген жағдайларда жоғарыда белігленген тәсілдер тіпті ақ киімде де лай дақтарымен күресуде тиімді болады. Пайда болған мәселеден құтылу үшін осы кеңестерді орындаңыз. Еш жағдайда дақтарды кетіру үшін халықытық құралдарды пайдаланбаңыз, себебі осылайша кейбір маталарды бүлдіріп жіберуге болады.
Жаңбыр киімдегі лай дақтары түрінде өз туралы еске түсерлік белгілерді қалдырды ма? Оларды аулақ қуып жіберіңіз! Жоғары келтірілген ұсынымдарды пайдаланып, Сіз еш күш салмай топырақтан және қызыл саздан қалған дақтарды жеңіп шығасыз.