Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады
Әдетте бояулармен жұмыс істеген кезде олар киімді былғап үшін тиісті шараларды қолданады. Дегенмен бұл кетіруі оңайға келмейтін бояу дақтарының пайда болуын жоймайды. Құпиясы сіз дақты затқа қондырғанымен бірден осы мәселемен күресу керектігінде тұрады. Киімді тазарту үшін төменде келтірілген кеңестерді орындаңыз.
Бояудан және бояғыш заттардан қалған дақтардың түрлері
Түрлі-түсті дақтарды жоюға кірісер алдында, сіз нақты қай затпен жұмыс істейтініңізді білуге тиіссіз. Киімді түрлі бояулармен немесе бояғыш заттармен былғауға болады:
- Жұмыртқаларға арналған бояу
- Шашқа арналған бояу
- Жылтыр бояу
- Майғын бояу
- Латекс бояу
- Акварель бояу
- Темпер бояу
- Бояғыш ұнтақ
- Кірге арналған бояу
- Тағамдық бояғыш
- Акрил бояу
- Майлы бояу
- Табиғи бояғыш
Бояудың түріне қарамастан дақты жоюға мүмкіндігінше тезірек кірісіңіз, ол әлі кеуіп үлгірмегенше, себебі мұндай жағдайда затты толығымен жуып шығу ықтималдығы әлдеқайда жоғары болады.
Киімнен және маталардан бояуды және түрлі-түсті дақтарды қалай кетіруге болады: Қадамдық нұсқаулық
Матадан бояудан немесе бояғыш заттан қалған дақты тез жою үшін сізге келесіні жасау қажет:
- Киімнің түсіне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз.
- Бояудың артығын матадан жойыңыз
- Киімнің ластанған жерін теріс жағынан жуыңыз.
- Осы Persil құралын даққа жағыңыз
- Затты шайыңыз және жуып тастаңыз.
- Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз.
Кір жууға арналған құралды таңдау
Дақты жоюға кірісер алдында, заттың кір жууға жататынына көз жеткізіңіз (затбелгідегі ақпаратты қараңыз). Ақ түсті заттар үшін дақтармен күрескенде сізге Vernel ұсынған Persil Балғындық сияқты құралдар көмектеседі. Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color кір жууға арналған құралдары - ең жақсы таңдау.
Дақтарды алдын ала өңдеу
Қасықтың көмегімен бояу артығын киімнен қырып алып көріңіз. Дегенмен, дақ одан да көп мата бойынша таралмау үшін ұқыпты болыңыз. Жейдені, шалбарды немесе жакетті теріс жағына аударыңыз да ластанған жерді жылы сумен жуыңыз. Сосын таңдалған Persil кір жууға арналған құралын дақтың оң бетіне жағыңыз және 30 минут күтіңіз. Затты жылы суда жайыңыз.
Затты бірден жуып тастаңыз
Дақты алдын ала өңдегеннен кейін кір жууды кешіктірмеңіз. Затбелгіде затқа күтім жасау туралы ақпаратты табыңыз және оны макималдық рұқсат етілген температурада жуыңыз. Кір жуу аяқталғаннан кейін жейдеде дақтар іздерінің қалмағанын тексеріңіз. Егер дақты толығымен кетіру сәтті болмаса, алдын ала өңдеу және жуу рәсімін қайталау қажет.
Бояудан және бояғыш заттардан қалған дақтарды төсек-орын тысынан және басқа маталардан қалай кетіруге болады
Түрлі-түсті дақтар тек төсек-орын тысында және автоматты кір жууға жататын маталарда ғана пайда болмау мүмкін. Егер сізге кілемнен немесе диваннан дақты кетіру керек болса, дәл сол кеңестерді орындаңыз. Ең алдымен ластанған жерді Persil Color кір жууға арналған құралымен өңдеп алыңыз, ал сосын оның қалдықтарын суық сумен жуып кетіріңіз. Дақ орнын таза матамен құрғағанша сүртіңіз (зеңнің даму қатерін болдырмау үшін). Дегемен, осы мәселені шешумен айналасар алдында, матаны сумен және кір жуғыш құралмен өңдеген кезде түстерінің төзімділігіне тексеру қажет (осы мақсаттар үшін көрінбейтін жерді таңдаңыз).
Егер затты жууға болмайтын болса, оны химиялық тазартуға өткізіңіз.
Егер сізге бояудан қалған дақты мақта, тері немесе деним сияқты тығыз матадан жоюға тура келсе, оны жасау өте оңайға соғады.
Дегенмен, аса күтіммен кір жууды талап ететін маталардың (жүн немесе жібек) әрқашан қолмен жуу қажеттілігін ескеру керек. Бұл үшін арнайы нәзік материалдар үшін әзірленген, және кір жуға уақытта сіздің киіміңізге күтім көрсететін Perwoll кір жуғыш құралын пайдаланыңыз.
Бояудан және бояғыш заттардан қалған дақтарды кетірудің қиян жағдайлары
Кейде түрлі-түсті дақты кетіру өте қиынға соқтырады. Егер бояу кеуіп үлгерсе, бұл іс жүзінде мүмкінсіз болады. Кейбір маталар жағдайында бояудан қалған кеуіп кеткен немесе ескіреген дақтар мүлдем жойылмайды. Дегенмен затты бірнеше сағат ішінде жылы су мен Persil кір жуғыш құралының ерітіндісінде жібітіп, оны әрқашан тазартып көруге болады.
Бояудан қалған дақтарды немесе түрлі-түсті дақтарды кетіретін үй құралдары және табиғи дақ кетіргіштер
Бояудан қалған дақтарды кетіру үшін кейбіреулер табиғи дақ кетіргіштерді және халықтық құралдарды қолданады. Дегенмен осы жағдайда сақ болу керек. Осы мақсаттар үшін арналған Persil кір жуғыш құралдарына қарағанда, шашқа арналған лакты пайдалану, матаға спиртті, сірке суын немесе сутек асқын тотығын сіңірту сияқты дақтарды және ласты кетіру тәсілдері күтпеген салдарға айналу мүмкін.
Бояудан және бояғыш заттарлан қалған дақтарды кетірудің қиын болғанын, бірақ мүмкін болатынын ескеріңіз. Осы үшін осында келтірілген кеңестерді пайдаланыңыз.