Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады
Кейде өміріңізде сізге киімдегі несеп, нәжіс немесе құсық дақтары сияқты мәселемен тап болуға тура келетін сәт келеді. Бұл сіз, сіздің сәбиіңіз немесе үй жануарыңыз ауырса, болып қалу мүмкін, дегенмен кез келген жағдайда былғанған заттарды кейінге қалдырмай күту керек. Мұндай жағдайларда киімнен тек дақтардың көрінетін іздерін ғана емес, тиісті жағымсыз иісті кетіру де маңызды. Ол үшін төменде берілген кеңестерді орындау қажет.
Несеп, нәжіс немесе құсық дақтары туралы кішкене ақпарат
Несептен қалған дақтар нәжіс пен құсық қалдыратын дақтардан ерекшеленеді. Несеп дегеніміз 95% судан тұратын сұйықтық. Қалған 5% адамның жегенімен және ішкенімен ұсынылған. Өз кезегінде, нәжіс пен құсық быламық түріндегі қатты немесе жартылай қатты бөлшектерден тұрады (іш өтуден сәби нәжісіне және кекірікке дейін).
Несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын кетіру: Қадамдық нұсқаулық
- Матаның түріне және түсіне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз
- Беттен қатты заттардың кез келген қалдықтарын жойыңыз
- Дақты теріс жағынан салқын сумен шайып жіберіңіз
- Ластанған жерді алдын ала өңдеңіз
- Затты ол үшін барынша рұқсат етілетін температурада жуыңыз.
- Дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз
- Қанағаттандырылмаған нәтиже жағдайында затты кір жууға арналған құрал ерітілген суда жібітіңіз де қайтадан жуыңыз.
Кір жууға арналған құралды таңдау
Барлығы кір жууға арналған құралдың дұрыс таңдалғына байланысты. Ақ заттар үшін Persil Universal пайдаланыңыз. Түрлі-түсті маталар үшін Persil Color Gel құралын пайдаланыңыз.
Дақтарды алдын ала өңдеу
Пластик қасықтың көмегімен заттың қатты бөлшектері қалдықтарын қырып алыңыз, сосын ластанған жерді таза ақ матамен сүртіңіз. Сосын былғанған затты теріс жағына аударыңыз да дақты теріс жағынан салқын сумен шайыңыз.
Кір жуар алдында несеп, нәжіс және құсық іздері бар ластанған жерді алдын ала өңдеңіз, оған Persil Universal немесе Persil Color Gel кір жууға арналған құралын жағыңыз, және 30 минут күтіңіз.
Кір жуу және шаю
Мұндай дақтарды кетіру үшін ең тиімді құрал болып табылатын Persil Universal гранулары бар оттегі ағартқышы. Киімді 40 температурада жуған уақытта Persil Universal барлық микробтарды өлтіреді. Дегемен мұндай температураның мата үшін қауіпсіз болғанына көз жеткізу керек (киімнің теріс жағында орналасқан затбелгідегі ақпаратты қараңыз).
Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру
Дақтың толығымен кеткенін тексермей, жуылған киімді ешқашан кептіргіш машинаға салмаңыз. Егер дақ қалса, оны қайтадан кір жууға арналған құралмен өңдеңіз және затты Persil қосып су ерітіндісінде жібітіңіз. Сосын қайтадан киімді жуып алыңыз.
Несептен, нәжістен және құсықтан қалған дақтарды киімнің және маталардың ерекше түрлерінен кетіру
Өкінішке орай, кейде мұндай дақтары бар заттар автоматты кір жууға жатпайтын жағдайлар болады. Жібек немесе жүн сияқты кейбір маталар кір жуғыш машина барабанында екпінді айналдыру үшін тым нәзік болып көрінеді. Мұндай жағдайда сізге заттарды қолмен жууға арналған Perwoll құралы көмектеседі.
Несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын ақ киімнен кетіру
Ақ киімде дақтар қара түсті киімге қарағанда әрқашан айқынырақ көрінгенімен, оларды дәл солай кетіреді. Ең бастысы - жылдам әрекет ету. Ешбір жағдайда белизна және сірке суы сияқты табиғи дақкетіргіштерді немесе үй құралдарын пайдаланбаңыз, себебі біріншісі киімнің түстерінде теріс әсер тигізу мүмкін, ал соңғысы - уақыт өте келе кір жуғыш машинаның пластик немесе резеңке компоненттерінің бүлінуіне келтіру мүмкін.
Несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын кетірудің күрделі жағдайлары
Сонымен, несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын кетіру үшін не істеу керек? Егер сіз мұндай мәселені қалай шешетінін ойлап, басыңызды ауыртсаңыз, жауабы оңай: суда Persil кір жууға арналған құралын сұйылтыңыз да осы ерітіндіде затты 45 минут жібітіңіз (қажет болған кезде - түнге ақлдырыңыз), содан кейін әдеттегі тәсілмен ластанған жерді өңдеп алыңыз да кірді жуыңыз.
Несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын сияқты жағымсыздықтар кездесе береді. Мұндай дақтарға, және олармен бірге ілесіп жүрген жағымсыз иіске заттарыңызды бүлдіруге мүмкіндік бермеңіз! Жоғары келтірілген кеңестерді орындаңыз және сізді мазалап отырған мәселеден құтылыңыз.