Skip to Content

Сиядан қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру

Пиджактың немесе шалбардың қалтасында шарлы қалам ағып кетті ме? Немесе кір жуғыш машинаға заттарды салғанда, оны шығаруын ұмытып кеттіңіз бе? Ал, мүмкін, принтерге картриджді орнатып тұрған сәтте, одан бояу ағып кетті ме? Сиядан қалған дақтардың әрқашан тым лас және тым қанық болып көрінгеніне қарамастарн, оларды кетіру бойынша бірнеше амал бар, оларды қолдану осы мәселемен күресуге кеткен уақытты айтарлықтай үнемдейді.

Сиядан қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру

Сия дақтарының түрлері

Ең алдымен, нақты қандай сияның дақтың пайда болу себепшісі болғанын түсіну қажет. Маркер ме? Шарлы қалам ба? Принтерге арналған бояу ма? Сияның түріне пайда болған мәселемен күресу тәсілі байланысты болады?

Сияны киімнен қалай кетіруге болады? Қадамдық нұсқаулық

  1. Матаның түріне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын және дақкетіргішін таңдаңыз. Дақты алдын ала спиртпен өңдеп алуға болады (дәріханада сатылады). Бұл оны ашықтау қылуға көмектеседі.
  2. Дақты спирт сіңген мақта тампонмен сүртіңіз, содан кейін матаның ластанған жеріне Vernel-ден Балғындық гелі немесе Persil Color Gel кір жууға арналған құралын жағыңыз.
  3. Затты ол үшін максималдық рұқсат берілетін температурада жуыңыз (затбелгіде өндіруші берген ақпаратты қараңыз).
  4. Сия дағының толығымен кеткенін тексеріңіз.
  5. Қажет болған кезде кір жуу рәсімін қайталаңыз.

Кір жуу үшін қолайлы құралды таңдаңыз

Алдын ала өңдеуге және кір жууға кірісер алдында, өндірушінің нұқсаулықтарымен мұқият танысып алыңыз (заттағы затбелгіні қараңыз). Vernel-ден Балғындық гелі кір жууға арналған құралы дақтарды ақ киімнен тиімді жояды. Persil Color Gel арқасында киімнің түстері дақтарды толығымен кетірген кезде тап сондай жарқын болып қалады. Нәзік маталарды жуу үшін Perwoll құралын пайдаланыңыз.

Сия дағын спиртпен алдын ала өңдеңіз, сосын тиімдірек нәтижеге жету үшін матаның ластанған жеріне Vernel-ден Балғындық гелі немесе Persil Color Gel гелінің кішкене мөлшерін жағыңыз.

Дақтарды алдын ала өңдеу

Көптеген жағдайларда шарлы қаламның немесе қаламдардың басқа түрлері сиясынан қалған дақтарды кетіру үшін бар болғаны кір жууға арналған сұйық құралының кішкене мөлшерін тікелей даққа жаққаны және оны матаға абайлап сіңдіргені жеткілікті.

Сіз маркер сиясынан немесе принтерге арналған бояудан қалған дақтарға тап болғанда, онда көбірек күш салуға тура келеді. Принтерге арналған сия жағдайында ластанған жерді екі қағаз сүлгінің ортасында қысып алып, матаны барынша кептіріп алуға тырысып көріңіз. Бұл ретте, матадан барынша көбірек сияны итеріп жіберу үшін матаны ішкі жағынан сүртіп түрыңыз.

Кез келген жағдайда кір жуар алдында сия дақтарын спиртпен өңдеп жіберу ұсынылады (дәріханада сатылады). Ол сіңген мақта тампонды ластанған жерге қысып тұрады, содан кейін матаға (дәл дақтың үстіне) Vernel-ден Балғындық гелі немесе Persil Color Gel құралының керекті мөлшерін жағады және зат кебу үшін шамамен 10 минут күтеді.

Сия дақтары бар затты жуу

Дақты алдын ала өңдеп алғаннан кейін затты бірден жуып жіберу қажет. Шарлы қаламдарға құйылатын көптеген сиялар суда ериді, сондықтан оларды кетіру қиын болып көрінбейді. Дегенмен тек оттегі ағартқышы көмегімен құтылуға болатын дақтар да бар. Осы жағдайда затты Vernel-ден Балғындық гелі құралымен оған барынша рұқсат берілген температурада жуу керек. Дегенмен алдымен өндірушінің ұсынымдарымен танысып алу керек (затбелгідегі ақпаратты қараңыз).

Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру

Кір жуу аяқталғаннан кейін дақтардың толығымен кеткенін тексеріңіз. Егер сізге қара түсті жейдеден немесе джинстен дақты кетіру тура келсе, онда кір жуу тиімділігін бағалау тек киімнің кепкенінен кейін мүмкін болады. Мұндай заттарды ылғи ауада кептіру керек, себебі кептіргіш сіңіп кеткен дақтың пайда болуын қоздырады, содан кейін оны жою өте қиын болады. Егер кептіргеннен кейін дақтың іздері қалса, рәсімді тағы бір рет ең басынан бастап қайталаңыз.

Сия дақтарын монша немесе төсек-орын тысынан және маталардың ерекше түрінен кетіру

Сөмкелер, дастархандар, костюмдер және көйлектер сияқты кейбір заттарды кір жуғыш машинада жууға болмайды, тек қолмен ғана жууға болады. Мұндай жағдайда дақты алдын ала өңдеп алып, сосын затты абайлап қолмен жуып, шайып ауада кептіру үшін қалдыру қажет.

Ұқыпты болыңыз, себебі осы ұсынымдар маталардың барлық түрлеріне келе бермейді! Деним, винил, полиэстер, нейлон немесе зығыр сияқты тығыз материалды жай ғана құралмен өңдеп алып, сосын жууға болады. Жібек, күдері, тері және жүн сияқты маталар қолмен жууды талап етеді.

Сия дақтары: кетіру үшін айрықша шарттар

Кір жуғаннан немесе кептіргеннен қалған дақтарды кетіру, олар әлі су болғанымен салыстырғанда, әлдеқайда қиын болады. Деген бұл да мүмкін. Ескіреген немесе кеуіп кеткен дақтарды жою үшін жоғары келтірілген ұсынымдарды орындаңыз, алдымен ластанған жерді спиртпен өңдеп алыңыз, сосын оған Vernel-ден Балғындық гелі немесе Persil Color Gel құралын жағыңыз.

Дақ бар киімді 1-2 сағат (тіпті түн бойы да) Persil кір жууға арналған құралы сұйылтылған су ерітіндісінде жібітіңіз. Сосын затты ол үшін барынша рұқсат етілетін температурада жуыңыз.

Қажет болған кезде кір жуу рәсімін қайталаңыз.

Сия дақтарын кетіруге арналған үй құралдары

Үй және табиғи дақ кетіргіштері кейде дақтарды кетірген кезде көмектесе алады, дегенмен көптеген жағдайларда жағымсыз нәтижеге келтіреді. Лимон қышқылы, сутек асқын тотығы және ағартқыш киімнің түсіне теріс әсер тигізу мүмкін. Сірке суы кір жуғыш машинаның пластик және резеңке компоненттерінің бүлінуін тудыру мүмкін. Көптеген табиғи дақ кетіргіштер сонымен қатар тиімділігімен ерекшеленбейді, себебі оларды пайдаланып кір жуу көп уақыт алады.

Сия дақтары жаңа болғанда, оларды жою қиын емес, сондықтан мүмкіндігінше бүлдірілген затты бірден жуып тастауға тырысыңыз.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады