Skip to Content

Терден қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру

Қолтық астындағы терден қалған дақтар және су шеңберлері өмір күйбеңі болып табылады. Не ол, не бұл сәтте осы мәселемен әрқайсысымыз тап болады. Киімдегі немесе төсек-орын тысындағы теріден қалған жағымсыз иіс шығаратын сары дақтардан құтылып, сіз осылайша заттарыңыздың өмірін созасыз. Сонымен, сізге не білу қажет?

Терден қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру

Терден қалған дақтар түрлері

Терден қалған дақтарды біз қолтық астындағы сары дақтармен автоматты түрде байланыстырамыз, дегенмен олар басқа жерлерде де пайда болу мүмкін. Мысалы, жейденің жағасында, ақ жаймаларда, тіпті арқада да, әсіресе денеге түскен ауырлықтар кезінде немесе түнгі ұйқыдан кейін.

Қолтық асты аймақтарда тер іздерінің пайда болуына себепші болып көбінесе біз пайдаланып жүрген дезодорант табылады. Адам терінің құрамында болатын протеиндер дезодоранттардың көпшілігенде болатын алюминиймен жиі теріс реакция береді. Бұл осы жерде біздің әлдеқайда молырақ терлейтінімізге келтіреді.

Терден қалған дақтарды кетіру Қадамдық нұсқаулық

Терден қалған дақтарды жою шын мәнінде аса қиын болып көрінбейді. Тер дақтарын ақ жаймалардан, жейделерден және басқа заттардан кетіру бойынша төменде берілген кеңестерді пайдаланыңыз.

  1. Алдымен матаның түріне және түсіне сәйкес Persil жуғыш құралын немесе дақкетіргішін таңдау қажет.
  2. Киімнің ластанған жерлеріне Vernel-ден Балғындық гелі немесе Persil Color Gel құралын жағып, оларды алдын ала өңдеп алыңыз.
  3. Затты ол үшін барынша рұқсат етілетін температурада жуыңыз.
  4. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз.
  5. Қажет болған кезде рәсімді ең басынан бастап қайталаңыз.

Кір жуу және дақтарды кетіру үшін қолайлы құралды таңдаңыз

Ең алдымен затбелгіде көрсетілген затқа дұрыс күтім жасау туралы ақпаратпен танысып оны машинада жууға болатынын біліп алу керек. Дәл осы кір жуу түріне дақ кетіргіштің таңдалуы байланысты. Машинада жууға болатын ақ заттар үшін Vernel-ден Балғындық гелі құралын, ал түрлі-түсті заттар үшін - Persil Color Gel құралын пайдаланыңыз. Күтімді талап ететін заттар үшін Perwoll мінсіз келеді. Бұл құрал жібектен және жүннен жасалған заттарды қол мен жуу үшін арналған.

Алдын ала өңдеу

Затты түстерінің пайдаланылатын құралға төзімділігіне тексеріңіз. Сосын даққа Vernel-ден Балғындық гелі (ақ түсті киім үшін), Persil Color Gel (түрлі-түсті киім үшін), немесе Perwoll (күтіммен жууды талап ететін маталар үшін) гелінің кішкене мөлшерін жағып, оны ақырын матаға сіңдіріп, матадағы қажетті жерді алдын ала өңдеңіз де 5-10 минутқа қалдырыңыз.

Кір жуу және шаю

Киімдегі затбелгіні тексеріңіз, кір жуудың максималдық рұқсат берілген температурасын нақтылаңыз. Температура неғұрлым жоғары болғанымен, соғұрлым тер дақтарын және иісін жою тиімді болады.

Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру

Иісі қатты сіңіп кеткен дақтар жағдайында жылы суда Persil кір жууға арналған құралын сұйылтып ерітінді дайындаңыз да кірді жарты сағатқа жібітіп қалдырыңыз. Сосын жуып тастаңыз.

Кір жуу аяқталғаннан кейін дақтардың толығымен кеткенін тексеріңіз. Егер кетпесе, онда дәріханадан арнайы қышқылды дақ кетіргішті алып (тотты жоюға арналған құрал) қолдануға болады, оны кір жуар алдында матаның ластанған жеріне жағыңыз. Осы құралды пайдаланған жағдайда барлық нұсқаулықтарды мұқият орындап алдын ала затқа тиісті күтім жасау туралы ақпаратпен танысу қажет (затбелгідегі өндірушінің ұсынымдарын қараңыз).

Егер заттарда теріден қалған дақтарды байқасаңыз, оларды кептіруге кіріспеңіз. Рәсімді ең басынан бастап қайталаңыз.

Теріден қалған дақтарды монша немесе төсек-орын тысынан, сондай-ақ басқа маталардан кетіру

Тер іздерін кетіріп тырысқан кезде бұл қандай зат болғаны (ақ жайма, жейде немесе жакет) маңызды емес, дегенмен матаның түрін есте сақтау керек. Полиэстер, зығыр немесе мақта сияқты кейбір материалдар кір жуған уақытта кір жуғыш машина барабаны айналған кезде қатты бұралып кету мүмкін. Басқа маталар оларға қарағанда нәзіктеу. Егер сіз тері, жібек немесе жүн заттардағы терден қалған дақтарға тап болсаңыз, мәселені қол жуу немесе ластанған жерді жергілікті өңдеу көмегімен ең жақсы шешуге болады.

Бір материалдан көп тұратын құрамдастырылған заттарды жуған кезде мұқият болыңыз. Егер тер дағын қалпақтан кетіру қажет болса, әр жерін жеке-жеке өңдеңіз. Қалпақтың қай жері ең "нәзік" болып табылады? Егер қалпақ мақта матадан болса, бірақ жібек немесе күдері таспамен буынған болса, оны ол ерекше күтімді талап ететін материалдан толығымен тұрғандай сияқты жуу қажет.

Терден қалған дақтарды кетіруге арналған үй құралдары

Көпшілігіміз, әсіресе ерекше күтімді талап ететін маталарды айтсақ, терден қалған дақтармен күресуге арналған табиғи құралдарды пайдаланады. Дегенмен мұндай тәсіл әрқашан орынды болып табыла бермейді. Сутек асқын тотығы және лимон қышқылы сияқты кефбір дақкетіргіштер түрлі-түсті киімнің ағартуына келтіру мүмкін. Терден қалған дақтарды ақ сірке суымен кетіруге болады, содан кейін киім сондай-ақ жұмсақтау болады, дегенмен уақыт өте келе осы заттың қышқыл табиғаты кір жуғыш машинаның резеңке және пластмасс бөлшектеріне жағымсыз әсер ететіні жиі байқалады. Тұз немесе ұнтақталған аспирин сияқты басқа қолдан жасалған дақкетіргіштерді пайдалану, химиялық заттар ыдырап тер дақтарын жойғанға дейін көп уақыт алады.

Persil кір жууға арналған құралдары және дақкетіргіштері тез істейді және заттарға және кір жуғыш машинаға зиян келтірмей қиын кетірілетін дақтарды жеңіп шығу үшін жасалған.

Сізді ұялтып қызартатын киімдегі теерден қалған сары дақтар туралы ұмытыңыз! Persil кір жуғыш құралдарын пайдаланыңыз, және сіздің заттарыңыз әрқашан таза әрі балғын болады!

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тамақтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Тамақтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тамақтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Тамақтан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады