Тоттан қалған дақтарды киімнен және маталардан қалай кетіруге болады
Тұрмыста біз темірден және болаттан жасалған заттармен жиі кездесеміз - шаруашылық құрал-сайманнан бастап көше жиһазына және тіпті мангалға дейін - осы материалдар бізді барлық жерде қоршайды. Егер мұндай заттардың беті сырланбаған немесе арнайы астармен жабылмаған, сырылған немесе тозған болса, олар коррозияға және сол себептен тоттың пайда болуына шалдығады.
Тот темір тотығынан тұратын, темірдің сумен және ауамен байланысу нәтижесінде пайда болатын зат болып көрінеді. Бұл үшін көп су талап етілмейді, ауада жоғары ылғалдылық деңгейі болғаны жеткілікті. Киімді былғап алмау үшін, бар болғаны коррозияға шалдыққан беттермен байланысудан бас тарту керек, дегенмен бұл әрқашан да мүмкін бола бермейді. Сондықтан, егер киіміңізде тот дағы пайда болса, не істеу керектігін білу маңызды.
Тот дақтары туралы кішкене ақпарат
Мұндай дақтарды кетіру өте қиын, себебі олар тот бөлшектерінің қабыршақтанатын табиғатынан оғай жағылады. Осылайша, кішкене бір дақ үлкен даққа жылдам ацналу мүмкін. Кейбір жағдайларда тот іздерін толығымен кетіру мүмаін болып көрінбейді. Киімде тот дақтары пайда болған жағдайда кәсіби химиялық тазартудың көмегіне жүгінген жөн, бұл бүлдірілген затты құтқаруға көмектеседі. Дегенмен көптеген жағдайларда, егер сіз төменде келтірілген кеңестерді пайдалансаңыз, киімдегі тот дақтарымен өздігінен кетіре аласыз.
Тот дақтарды кетіру: Қадамдық нұсқаулық
- Кешіктірмей әрекет етіңіз. Сіз кір жууды қаншалықты тезірек бастасаңыз, киімнен дақты кетіру ықтималдығы көбірек болады.
- Матаның түріне сәйкес кір жууға арналған құралды және дақкетіргішті таңдаңыз.
- Дақты алдын ала өңдеп алыңыз
- Затты ол үшін рұқсат берілетін ең жоғары температурада жуыңыз және шайыңыз (заттың теріс жағында орналасқан затбелгідегі ақпаратты қараңыз).
- Дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз
Кір жууға арналған құралды таңдау
Кір жууға арналған қажетті құралды және дақкетіргішті таңдау тікелей матаның түсіне байланысты. Ақ түсті заттар үшін Persil Universal гелін пайдаланыңыз. Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color Gel құралына артықшылық беріңіз.
Дақтарды алдын ала өңдеу
Қиын кетірілетін немесе сіңіп кеткен тот дақтарын кетіру үшін арнайы дақкетіргіш талап етіледі. Мұндай құралды дәріханада сатып алуға болады, дегенмен оны пайдаланар алдында міндетті түрде заттың теріс жағында орналасқан затбелгідегі ақпаратпен танысып, оны пайдалана алатынына көз жеткізу қажет.
Киімді жуу
Киімді ол үшін оұқсат етілетін ең жоғары температурада жуыңыз, киімнің теріс жағында орналасқан затбелгідегі затты күту бойынша ережелерімен алдын ала танысып алыңыз. Түрлі-түсті маталарды кір жуғыш машинада жуу үшін Persil Color Gel гелін пайдаланыңызғ ал ақ түсті заттар үшін Persil Universal құралы мінсіз келеді.
Дақтардың кеткеніне көз жеткізіңіз
Егер кір жуғаннан кейін киімде тот дақтарының іздері қалса, рәсімді қайтадан қайталаңыз. Еш жағдайда дақтардың іздері бар киімді кептірмеңіз, әйтпесе олар матаның талшықтарында одан да қатты сіңіп кетеді.
Тоттан қалған дақтарды киім мен маталардың ерекше түрлерінен кетіру
Кейбір маталардың нәзік құрылымы немесе тым үлкен мөлшері себебінен оларды автоматты кір жууға салуға болмайды. Мұндай жағдайларда заттарды қолмен жуу керек, және осында сізге Perwoll құралы ең жақсы көмектеседі.
Ақ түсті киімнен тоттан қалған дақтарды қалай кетіру керек
Ақ түсті киімнен тоттан қалған дақтарды қалай кетіруге болатынын білгіңіз келе ме? Ақ жейдеде немесе шалбарда мұндай дақтардан құтылу үшін, біраз күш салу талап етіледі, дегенмен осы мәселе шешіледі. Жоғарыда берілген ұсынымдарды орындаңыз, сосын киімдегі тот іздерінің қалмағанын тексеріңіз. Мүмкін, дақтан құтылу үшін, сізге ластанған жердің алдын ала өңдеуін жүргізу және затты бірнеше рет жуу талап етіледі. Дақ кеткенде, жейдені ең жоғары рұқсат етілетін температурада жуыңыз (заттың теріс жағында орналасқан затбелгідегі ақпаратты қараңыз).
Тот басып кеткен орындыққа отыра қалып, немесе қолыңызда тот басқан бақша қалағын ұстап жүріп абайсыз былғанып қалдыңыз ба? Егер сіздің киіміңізге тот дағы "шабуыл жасаса", көп ұзамай әрекет етіңіз. Жоғарыда келтірілген ұсынымдарды пайдаланыңыз да пайда болған мәселеден құтылыңыз.