Skip to Content

Үй жануарларынан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Сізге Сіздің керемет кішкентай марғауыңыз немесе Сіздің күшігіңіздің ойнақылығы ұнап тұр. Дегенмен, олар Сіздің кіиміңізді және бүкіл үй бойынша басқа заттарды былғаған кезде бұл аса қуанышты тудырмайды. Осы ығы-жығыны қалай жылдам жеңіп шығатынын және үй жануарларының дақтарынан қалай құтылатынын біліңіз.

Үй жануарларынан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Үй жануарларынан қалған дақтарды кетіру: қадам-қадаммен

  1. Сіздің киіміңізге сәйкес болатын (мата және түс) Persil жуғыш құралын таңдаңыз.
  2. Мүмкіндігінше көбірек қатты затты кетіріңіз.
  3. Сұйықтықтықпен сулаңыз.
  4. Persil Power Gel немесе Persil Color Gel жуғыш құралымен алдын ала өңдеңіз.
  5. Мата үшін қауіпсіз болатындай барынша ыстық суда жуыңыз.
  6. Дақтың кеткенін тексеріңіз.

Жуғыш затты таңдау

Сіз пайдаланатын Persil жуғыш құралының түрі матаның түсіне және түріне байланысты.

  • Ақ мата үшін Persil Universal немесе Persil Power Gel пайдаланыңыз.
  • Түрлі түсті киім үшін Persil Color немесе Persil Color Gel пайдаланыңыз.
  • Нәзік маталар үшін Perwoll Wool пайдаланыңыз.

Үй жануарларынан қалған дақтарды алдын ала өңдеу

Егер қатты немесе жартылай қатты бөлшектер бар болса, оларды пластик қасықпен қырып жіберіңіз. Сұйықтықты барынша таза шүберекпен құрғатыңыз. Persil Power Gel немесе Persil Color Gel жуғыш құралын ақырын сылап сіңіріп дақ орнына жағыңыз. Құралға киімге ықпалын тигізуге бірнеше минут беріңіз, сосын суық сумен жуып жіберіңіз де құрғағанша губкамен сорып алыңыз.

Кір жуу және шаю

Сіздің Persil кір жуғыш құралыңыздың заттаңбасында көрсетілген "Қатты ластануға арналған" мөлшерлемесін пайдаланыңыз, киімді мата үшін қауіпсіз температурада жуыңыз. Бұл ақпаратты Сіз киімнің заттаңбасында таба аласыз.

Үй жануарларынан қалған дақтарды тексеру

Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізбегеніңізге дейін киіміңізді кептіргішке салмаңыз, әйтпесе дақ орнығып қалу мүмкін. Егер дақ кетпесе, алдын ала өңдеуді тағы бір рет жүргізіңіз.

Үй жануарларынан қалған дақтарды маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру

Егер жануар сіздің қаптауышыңызда немесе кілеміңізде дақ қалдырса, оны әдеттегідей алдын ала өңдеп алыңыз, сосын жуып жіберіңіз де кейін құрғақ таза сүлгімен құрғатып алыңыз. Дақ толығымен кетпегенше, Сізге рәсімді бірнеше рет қайталауға тура келу мүмкін.

Үй жануарларынан қалған дақтарды нәзік маталардан, мысалы, жібектен және жүннен, кетіру үшін, Perwoll Wool және қолмен жуу ең жақсы таңдау болады. Бұл матаны зақымдамай, дақтардан құтылуға көмектеседі.

Үй жануарларынан қалған дақтардың ерекшеліктері

Сіздің жеке орынды өңдеу әдісіңіз ескірген несеп дағына немесе үй жануарынан қалған тұрақты даққа әсер тигізбей ме? Жуғыш құралыңызды сумен араластырып және киіміңізді бірнеше сағат жібітіп көріңіз. Бұл ақшыл дақтарды кетіруге тиіс. Қара дақтардан құтылу үшін ұзағырақ жібіту талап етіледі.

Үй жануардан қалған дақтарға арналған арнайы жуғыш құрал

Сізді үй жануарлардан қалған дақтарды кетіру үшін табиғи және өз қолыңызбен жасалған құралдарды пайдалану қызықтыру мүмкін. Дегенмен, СІз нақты пайдаланатын құралға байланысты, киіміңіздің түсі қайтымсыз өзгеру мүмкін немесе кір жуғыш машинаңыз зақымдалу мүмкін.

Үй жануарларынан қалған дақтарды қызыл және қара киімнен кетіру

Дақтарды қара киімде табу көбінесе қиынға соқтырады, әсіресе егер бұл орын алғанда Сіз жанында болмасаңыз. Үй жануары отырғызған дақты табу үшін, атап айтқанда қара-қоңыр, қара немесе қызыл киімде, сізге мұрныңызбен жұмыс істеуіңізге тура келеді.  Егер сіз бұны істеуін қаламасыңыз, және Сіз мысық несебіне ьап болсаңыз, онда ультракүлгін шамды пайдалана аласыз. Осы шамның астында мысық несебі жылтырап көрінеді, және Сіз дақты қайда өңдеу керегін көресіз.

Әрине, Сіз үй жануарыңызды жақсы көресіз, бірақ олар қалдырған дақтармен өмір сүруіңіздің керегі доқ. Олардан құтылу үшін кеңестерді орындаңыз.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Color гелі

    Гель Persil Color

Latest articles

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады