Ақжаймалардан дақтарды кетіру
Егер, сериалды қызыға көріп, Сіз картоп чипстерін өз төсегіңізге кездейсоқ шашсаңыз немесе жаман түс көргеніңізден су тері болып оянсаңыз, сіздің таза ақжаймаларыңызда жағымсыз дақтар пайда болады. Алайда оларды кетіруге болады. Бір-екі кеңес Сізге көп тараған дақтардың көбісін кетіруге көмектеседі.
Ақжаймалардағы дақтар түрлері
Сіздің ақжаймаларыңыздың сыртқы түрін кез келген дақ бүлдіре алса да, дақтардың ең көп тараған түрлері тер, қан, май болып табылады. Бұл механикалық майлағыштан немесе ас майынан қалған дақ, терден немесе дезодоранттан қалған дақтар, жануарлар қанынан немесе етеккір қанынан қалған дақ болсын, маңызды емес, егер мүмкіндігінше жылдам әрекет етсе және даққа ескіруге жол бермесе, кез келген дақтарды кетіруге берілген кеңес тиімді болады.
Ақжаймалардан дақтарды кетіру: қадам-қадаммен
Егер ұйқыдан тұрып сіз ақжаймада дақты байқасаңыз, сізге не істеу керек?
- Ақжаймаларыңыздың түсіне сәйкес Persil кір жууға арналған құралды таңдаңыз.
- Жуғыш құралыңызбен алдын ала өңдеңіз.
- Жуыңыз да шайып жіберіңіз.
- Дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз.
Жуғыш затты таңдау
Дақты өңдеу алдында, ақжаймаңыздағы заттаңбаны тексеріңіз және оны машинада жууға болатынына көз жеткізіңіз. Кейбір жұқа маталар ұқыпты пайдалануды талап етеді; мұндай маталар үшін Perwoll Wool жұмсақ, бірақ тиімді жуғыш құралы болады. Дақтарды кетіру үшін және жуғыш құрал ретінде түрлі-түсті ақжаймалар үшін Persil Color немесе Persil Color Gel пайдаланыңыз. Ақ түсті заттар үшін Persil Universal немесе Persil Power Gel ең жақсы таңдау болады.
Алдын ала өңдеу
Дақтың бетінен мүмкіндігінше көбірек сұйықтықты және лас бөлшектерін жойыңыз. Теріс жағынан суық сумен жуыңыз, сосын беткі жағынан даққа Persil жуғыш құралын жағыңыз. Оны бірнеше минутқа қалдырыңыз, сосын шайып жіберіңіз.
Тез жуып шығыңыз.
Сіздің ақжаймаңызды жуу үшін қажетті температура дақтын түріне байланысты. Терден қалған дақтар және қолтықтағы дақтар, сондай-ақ май дақтары үшін мата үшін қауіпсіз температурада жуып шығыңыз. Дегенмен қан дақтары үшін суық суды пайдалану керек. Бақытқа орай, Persil Universal және Persil Color жуғыш құралдары суық кезінде белсенді, яғни суық суда жұмыс істейді.
Кір жуғаннан кейін тексеру
Кептіру алдында дақтың кеткеніне көз жеткізіңіз. Егер кетпесе болса, жоғары аталған қадамдарды қайталаңыз. Кептірмеңіз, әйтпесе бұл дақтың ақжаймада тіркеп қалуына себептесу мүмкін. Егер терден қалған сары дақтарға немесе қолтық асты дақтарға тап болсаңыз, дақпен бірге иістің кеткеніне де көз жеткізе аласыз.
Түрлі түсті ақжаймалардан немесе әр түрлі маталардан дақты қалай кетіруге болады
Егер ақ жаймадан қан дағын кетіру керек болса, жуғыш құрал ретінде әрқашан Persil Universal-ды пайдаланыңыз. Түрлі-түсті ақ жаймалар үшін осы жуғыш құралдың түрлі-түсті заттарға арналған нұсқасын пайдаланыңыз. Оларды араластырмаңыз, себебі әр құрал матаның белгілі түрі үшін арналған.
Ақжаймалар дайындалған матаның түріне оларды машинада жуу мүмкінлігі немесе қолмен жуу керектігі байланысты. Мақта өте мықты және дақтарды кетіруді және машиналық кір жууды оңай шыдайды. Өз кезегінде жібек сияқты мата Perwoll Wool құралын пайдаланып нәзік қолмен жууды керек етеді.
Ерекше шарттар: Ақжаймалардағы дақтар
Ақжаймалардан ескірген қан дақтарын қалай кетіруге болады?
Егер сізге ақжаймалардан кепкен немесе ескірген қан дағын кетіру керек болса, ең жақсы нұсқа болатын матаны суық суда жібіту. Дақ жібіді, және оны кетіру оңай болады. Бір сағат жібіткеннен кейін жоғары сипаттамалған алдын ала өңдеу процесін орындаңыз.
Кеуіп кеткен май дақтарын не істеу керек?
Таңғарарлық болып көрінсе де, дақты қалпына келтіруге және оны кетіруін жеңілдетуге құрғақ даққа жаңа майды қосу көмектесу мүмкін. Даты қалпына келтіргеннен кейін жай ғана сол жерді алдын ала өңдеңіз және мата үшін қауіпсіз болатын ең ыстық суда жуыңыз.
Қолтықтан шыққан ары дақтарды және тер дақтарын кетіру.
Осы терден қалған көріксіз сары дақтардан құтылу үшін, ақжаймаларыңызды Persil жуғыш затының және суық судың ерітіндісінде бір сағат жібітіп отырыңыз. Сосын алдын ала өңдеуді жүргізіңіз және әдеттегідей жуыңыз.
Сізді ақжаймаларыңыздағы тер, май және қан дақтары ренжіте ме? Осы нұсқаулықтарды орындасаңыз, Сіз олардан оңай құтыласыз.