Skip to Content

Киімнен және маталардан дезодоранттан қалған дақтарды қалай кетіру керек

Дезодорант тердің жағымсыз иісімен күресуге арналған. Осы мақсаттар үшін кейбіреулер тіпті қолтық аймағына арналған арнайы әтірді пайдаланады. Дегенмен, дезодоранттың матамен байланысқан кезде соңғысында дақтар пайда бола алатынын еске сақтау керек. Төменде нұсқаулықтар келтірілген, оларды орындай отырып сіз осы мәселені шеше аласыз.

Киімнен және маталардан дезодоранттан қалған дақтарды қалай кетіру керек

Дезодоранттан қалған дақтар түрлері

Ең алдымен сізге дезодоранттың қайсысы киімде дақтардың пайда болу себебі болғанын біліп алу керек. Мүмкін, бұл ванна бөлмесінде сөреде жай тұрған құрғақ немесе гельді антиперспирант шығар? Дегенмен, біздің денеміздің иісін жасыру үшін, автомобиль салонын жаңарту немесе үйде жағымды атмосфераны құру үшін арналған дезодоранттардың басқа түрлері де бар. Олардың түрлері және конструкциялары әр түрлі болу мүмкін: ауа-білтелік тозаңдатқыштар, кәдімгі спрейлер немесе иістер сорғыштары. Сұйық дезодоранттар да. Олармен киіміңізді былғап алу бәрінен оңай.

Дезодоранттан қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру Қадамдық нұсқаулық

  1. Матаның түріне және түсіне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз.
  2. Дақты алдын ала өңдеп алыңыз
  3. Затты ол үшін барынша рұқсат етілетін температурада жуыңыз
  4. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз

Кір жууға арналған құралды таңдау

Егер сіз дезодоранттан қалған дақтарды кетіру мәселесіне тап болсаңыз, өз таңдауыңызды Persil құралдарында тоқтатыңыз, олар барлық түрлер және түстер маталары үшін тиімді әрекет етеді. Ақ киімнен дақтарды кетіру үшін сізге Persil Universal көмектеседі. Түрлі-түсті маталар үшін Persil Color Gel құралын пайдаланыңыз. Егер сізге аса күтімді және қолмен жууды және тек қолмен жууды талап ететін матадан дақты кетіру керек болса, көмекке Perwoll келеді.

Дақты өңдеу

Сіз қай затты пайдалансаңыз да (қара жейде, джинс күрте немес еақ жейде), дезодоранттан қалған дақтарға кірісер алдында, матадағы былғанған учаскені Persil кір жууға арналған құралдың көмегімен матадағы былғанған жерін өңдеу керек. Persil Universal (ақ киім үшін) немесе Persil Color Gel (түрлі-түсті заттар үшін) кішкене мөлшерін тікелей даққа тікелей жағыңыз, алдын ала матаны түстердің төзімділігін тексеріңіз, және 30 минут күте тұрыңыз.

Киімді жуу

Затты ол үшін барынша рұқсат етілетін температурада жуыңыз. Ең жоғары қауіпсіз температура туралы киімнің затбелгісінен білуге болады. Persil кір жууға арналған құралдың мөлшері қатты ластанған киім үшін көрсетілген мөлшерге сәйкес болуға тиіс.

Мүмкін, сізге арнайы қышқылды дақ кетіргіш керек болады. Мұндай құралды (мысалы, тот іздерін кетіру үшін) дәріханада сатып алуға болады, дегенмен пайдаланар алдында міндетті түрде оны қолдану бойынша нұсқаулықпен таныстыру қажет, сонымен қатар оны осы нақты затты тазарту үшін оны пайдалануға болады (затбелгідегі ақпаратты көріңіз).

Дақтардың кеткеніне көз жеткізіңіз.

Жуылған киімді кептіргішге салар алдында міндетті түрде дақтың кеткенін тексеріңіз. Егер затта қан дақтары қалса, былғанған матаны алдын ала өңдеу және жуу рәсімін қайталаңыз.

Төсек-орын тысынан және маталардың басқа түрлерінен дезоранттан қалған дақтарды кетіру

Футболкалардан, бюстгальтерлерден, көйлектерден және басқа да киімнен дезодоранттан қалған дақтарды кетірген кезде жоғары көрсетілген ұсынымдарды орындаған шартпен мәселе оңай әрі тез шешіледі. Дегенмен, егер сіз жууға болмайтын төсек-орын тысымен немесе маталармен тап болсаңыз, басқа тәсілді пайдалану керек болады.

Жүн, жібек және атлас сияқты маталарды жуу үшін Perwoll құралымен пайдаланыңыз. Полиэстерге және мақтаға қарағанда бұл маталар қолмен жууды талап етеді.

Дезодоранттан қалған дақтарды түрлі-түсті маталардан кетіру

Дезодоранттан қалған дақтар жылдам сіңіп кетеді және түрлі-түсті маталарда, әсересе қара және көк маталарда, өте айқын көрінетін болады. Бұның себебі - көптеген дезодоранттардың ақ немесе ақшыл түсті болғаны. Көптеген жағдайларда түрлі-түсті киімдегі дақтардан сіз жоғарыда берілген нұсқаулықтарды орындап құтыла аласыз. Есіңізде сақтаңыз, осы жағдайда сізге Persil Color Gel ұнтағы көмектеседі. Дегенмен кір жуар алдында матаны түстердің тұрақтылығына тексеру жөн.

Дезодоранттан қалған ескіреген немесе кеуіп кеткен дақтарды кетіру

Киімнен дезодоранттан қалған ескіреген немесе кеуіп кеткен дақтарды жай ғана кетіре салу мүмкін емес болып көрінеді. Алайда үмітіңізден қайтпаңыз! Бұл мәселені шешуге болады, бұған тек қана әдеттегіден көбірек уақыт кетеді. Алдымен киімді бірнеше сағатқа (немесе түнге қалдырып) салқын суда жібітіңіз, содан кейін дақты кір жууға арналған құралмен алдын ала өңдеңіз және заттарыңызды жуыңыз.

Дезодоранттан қалған дақтарды табиғи дақ кетіргіштердің көмегімен кетіру

Табиғи дақ кетіргіштер және үйде дайындалған құралдар дақты кетіре алады, бірақ оның үстіне заттың түсіне зиян келтіре алады. Дақтарды кетіру үшін ұнтақталған аспирин, сутек асқын тотығы немесе лимон қышқылы сияқты құралдарды пайдалануға болмайды, әсіресе түрлі-түсті маталарды жуғанда. Осы мәселені дақтарды кетіру үшін арнайы әзірленген Persil құралдары ең жақсы шешеді.

Дезодоранттан қалған сары дақтармен қоштасыңыз және өзіңізді сенімді сезініңіз. Сізге Persil көмектеседі!

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • Sensitive гелі

    Persil Sensitive гелі

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • Sensitive гелі

    Persil Sensitive гелі

Latest articles

  • Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

    Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

  • Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады

    Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады

  • Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Тозаңнан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

    Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

  • Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады

    Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады