Іш киімнен дақтарды қалай кетіруге болады
Іш киімде дақтар болғанын ешкімге ұнамайды. Тіпті жуғаннан және кептіргеннен кейін қалған дақтар сізді лас әрі салақ сезінуге мәжбүр етеді. Кейбір дақтардың, мысалы сідіктен қалғандардың, тіпті жуғаннан кейін бізді мазалайтын тұрақты иісі болады. Дәл осы себептен сідіктен қалған дақтармен олар пайда болған сәттен бастап бірден күресу керек.
Іш киімдегі дақтардың түрлері
Іш киімде дақтардың пайда болу себептері көп және олардың барлығы жағымсыз келеді. Қан, оның ішінде етеккір қан, нәжіс, сідік және құсық - олардың барлығы киімнің бөлшектерінде дақтар қалдырады. Олар пайда болғанымен жылдам әрекет ету керек. Сіз қаншалықты тез әрекет етсеңіз, олардан құтылу мүмкіндіктер соншалықты көбірек болады.
Іш киімнен дақтарды кетіру: қадам-қадаммен
Іш киімнен дақтарды қалай кетіру үшін:
- матаның түсіне және түріне сәйкес Persil жуғыш құралын таңдаңыз.
- Киім затынан қатты заттардың қалдықтарын кетіріңіз.
- Артық сұйықтықты қағаз сүлгімен сүртіп алыңыз.
- Іш киімді теріс аударыңыз және дақты теріс жағынан су ағыншасы астында жуыңыз.
- Қажет болған кезде Persil Power Gel немесе Persil Color Gel жуғыш құралын тікелей даққа жағып, дақ орнын алдын ала өңдеңіз, және 20 минут ішінде әсер етуге мүмкіндік беріңіз.
- Іш киімнің заттаңбасында көрсетілген барынша жол берілетін температурадағы суда жуыңыз.
- Сіздің жуғыш құралыңыз үшін көрсетілген "Қатты ластануға арналған" мөлшерлемені пайдаланыңыз.
- Жуғаннан кейін дақты тексеріңіз.
Жуғыш затты және дақкетіргішті таңдау
Бұйымның заттаңбасындағы нұсқауларға назар аударыңыз. Егер іш киімді жуу мүмкін болса, мыналарды пайдаланыңыз:
- ақ мата үшін Persil Universal немесе Persil Power Gel,
- түрлі түсті мата үшін Persil Color немесе Persil Color Gel,
- Perwoll Wool нәзік маталар үшін.
Алдын ала өңдеу
Ластанудың қатты бөлшектерін қасықпен немесе жүзі кеткен пышақпен кетіріңіз, сосын барынша көбірек сұйықтықты сіңіру үшін ластанған жерді қағаз сүлгімен құрғатып алыңыз. Іш киімді теріс айналдырыңыз және дақтың көптеу бөлігін кетіріп, суық су астында жуыңыз. Persil Power Gel немесе Persil Color Gel дақтың беткі жағына жағыңыз, ақырын сылап сіңіріңіз және сұйық жуғыш құрал ластанудан да, иістен де құтқарып талшықтарға толық сіңу үшін 20 минуттың ішінде әсер етуге мүмкіндік беріңіз.
Кір жуу және шаю
Іш киімнен қан дақтарын, сондай-ақ нәжісті, сідікті және құсықты кетіру үшін, іш киімді күтім көрсету бойынша заттаңбада көрсетілген барынша рұқсат етілетін су температурасында жуып алыңыз. Жоғары температура қалған бактерияларды өлтіруге көмектеседі.
Дақты тексеріңіз
Кептірер алдында, дақтың толығыме кеткеніне көз жеткізу керек. Кептіру дақты тұрақты ету мүмкін. Егер дақ әлі қалатын болса, киімді жарты сағатқа Persil жуғыш құралының жылы сумен ерітіндісінде жібітіңіз.
Мақта іш киімнен дақтарды кетіру
Әдеттегідей, жоғары көрсетілген іс-әрекеттер сізге мақта іш киімдегі дақтардан құтылуға көмектеседі. Матаның осы түрі үшін табиғи немесе үйде жасалған дақкетіргіштерді пайдаланбаңыз. Олардың кейбірлері матаны қайтымсыз бүлдіруге қабілеті бар.
Іш киімдегі жағымсыз иістерден және дақтардан құтылғыңыз келе ме? Осы қарапайым кеңестерді орындап жылдам әрекет етіңіз.