Көкөністер және жемістер: Жидектерден қалған дақтарды қалай кетіруге болады
Жаңа піскен көкөністерді және жемістерді жинау және тұтыну денсаулық үшін пайдалы, дегенмен егер сіз оларды абайсыздан жұқтырсаңыз, сізге осы жағымсыздықты қалай жеңіп шығатынын білу керек. Бұл әңгіме дақтарын кетіру айтарлықтай қиын болатын жидектер туралы болса ерекше маңызды болады, сол үшін өте жылдам әрекет ету керек.
Жидектерден қалған дақтардың түрлері
Жидектерден қалатын дақтар киімде ең айқын көрінеді, және матаның түсіне және түріне байланысты - атарлықтай қиын кетіріледі. Егер сіз жаңа ғана қара бүлдіргенді, қаражидекті, құлпынайды, тұт ағаш жидектерін, мүкжидекті немесе таңқурайды жұқтырсаңыз, жылдам әрекет ету керексіз. Неге? Осы жемістер бірден екі жақтан әсер етеді. Олардың күшті бояғыш заттары бірден іздерді қалдырады. Ал егер оларды бірден кетірмесе, онда шырында бар қанттар матада сары іздерді қалдырады. Көбінесе осындай тұрақты дақтардан құтылудың ең сәтті нұсқасы - бұл құрамында оттегі ағартқышы бар жуғыш құралмен жуу.
Жидектерден қалған дақтарды кетіру: қадам-қадаммен
Сонымен, енді олардан қалай құтылуға болады?
- Persil жуғыш құралын алыңыз.
- Киіміңізден жидектердің мүмкіндігінше көбірек шырынын және тілімдерін қырып алыңыз.
- Киімді теріс айналдырыңыз және теріс жағынан суық сумен шайып жіберіңіз.
- Күтім жасау бойынша затбелгіде ұсынылған мата үшін ең жоғары әрі қауіпсіз температурадағы суда жуыңыз.
- Дақты тексеріңіз.
- Егер кетпесе, кір жуу процесін сіз таңдаған жуғыш заттың көбейтілген мөлшерін пайдаланып қайталаңыз / немесе кір жуу циклін ұзартыңыз. Бұдан басқа, мұндай төзімді дақтардан құтылу үшін киімді жібіту пайдалы болу мүмкін.
Жуғыш затты және дақкетіргішті таңдау
Жидектерден қалған дақтарды кетіру үшін ең маңыздысы - тез әрекет ету, сондықтан қолыңыздың астында киімнен жидектерден қалған дақтарды кетіруге арналған қолайлы Persil жуғыш құралының болғанына көз жеткізіңіз.
- Ақ және оңбайтын киім үшін Persil Universal таңдаңыз.
- Түрлі түсті тоқыма үшін Persil Color немесе Persil Color Gel пайдаланыңыз.
- Perwoll Wool нәзік маталар үшін.
Дақ орнын алдын ала өңдеу
Киіміңізден мүмкіндігінше көбірек жидектердің қалдықтарын қырып алыңыз, артық сұйықтықты алу үшін таза сүлгімен кептіріңіз. Киімді теріс айналдырыңыз және теріс жағынан дақ арқылы суық су ағыншасымен жуыңыз. Алдын ала өңдеу үшін Persil Color Gel немесе Persil Power Gel кішкене мөлшерін тікелей даққа жағыңыз, ақырын сылап сіңдіріңіз және бірнеше минутқа қалдырыңыз.
Кір жуу және шаю
Кір жуу температурасы неғұрлым жоғары болса, ағарту әсері және дақтарды кетіру нәтижесі соғұрлым жақсы болады. Сондықтан жеміс және жидек дақтарынан құтылу үшін кір жуу үшін барынша рұқсат етілетін температураны пайдаланыңыз (күтім бойынша затбелгіде). Бұдан басқа, "қатты ластану" үшін сіздің Persil жуғыш құралыңыздың қаптамасында көрсетілген мөлшерді таңдаңыз.
Дақтың кеткенін тексеріңіз.
Жуғаннан кейін дақтың кеткенін тексеріңіз. Егер кетпесе, ал киім ақ болса немесе оңбайтын болса, жуғыш құралдың жоғарылау мөлшерін пайдаланып және/немесе кір жуу уақытын ұзартып кір жууды қайталаңыз. Егер киім оңбайтын болса, сіз сонымен қатар оны Persil Universal Megaperls жылы сумен араластырылған жуғыш ерітіндісінде жартысағаттың ішінде жібіте аласыз, сосын тағы бір рет жуыңыз.
Жидектерден қалған дақтарды маталар мен тоқыма бұйымдарының ерекше түрлерінен кетіру.
Егер сіз жейдеден жидектерден қалған дақты кетіруге немесе ақ шалбардан құлпынайдан қалған дақты кетіруге тырыссаңыз, жоғарыда сипатталған қадамдар көмектеседі, бірақ сіз жылдам әрекет етсеңіз.
Егер сіз жібек, жүн немесе мақта сияқты белгілі бір маталарды жусаңыз, жуғыш құралды немесе киімді жуу тәсілін таңдауға абайлап келіңіз. Жібек және жүн үшін Perwoll Wool және әдеттегідей қолмен кір жуу керек болады.
Ақ киімнен жидектерден қалған дақтарды кетіру
Егер сізде киімнің ақ бөлшегінде жидектерден қалған дақ болса, оны кетіру үшін әдеттегі алдын ала өңдеуді жүргізіңіз.
Жаз - жаңа піскен, шырынды жидектер мезгілі. Жидектерден қалған дақтарды ойламай, олардан рахат алыңыз. Осы кеңестер сізге олардан тез құтылуға көмектеседі.