Skip to Content

Жібек матадан дақтарды қалай кетіру керек

Жібек - өте нәзік әрі сәнді мата. Жиі кір жуу мұндай материалға жағымсыз әсер тигізеді. Ең жақсысы жібектен тігілген заттарды химиялық тазартуға тапсыру. Сонымен, егер сізге жібек галстуктан, халаттан немесе жейдеден дақты кетіру керек болса, осы жағдайда қолмен жуу ең нәзік әрі тиімді әдіс болып табылады Дегенмен, мұндай заттарды жууға болатынын әрқашан тексеруп отыру керек (киімнің теріс жағында бекітілген затбелгідегі ақпаратты қараңыз). Егер олар тек құрғақ жууға жататын болса, онда аймақтық өңдеуді қолдануға болады. Әйткенмен, бұл шешім де қауіпсіз болып табылмайды, себебі мұндай заттар жағдайында тіпті таза су да нәзік жібек матаның түсін немесе сыртқы түрін өзгерту мүмкін. Онда жалғыз ықтимал нұсқа болып құрғақ жуу қалады.

Жібек матадан дақтарды қалай кетіру керек

Жібек матадағы дақтар түрлері

Кез келген басқа түрдегі маталарда сияқты, жібек матада тамақтан, судан, шараптан, шөптен, майдан, қаннан, сиядан немесе сия пастасынан қалған іздер пайда болу мүмкін. Сонымен қатар косметикадан, дезодоранттан қалған дақтар, қолтық аймағындағы шеңбер түріндегі тер тамшылары және іздері жиі кездесетін мәселе болады. Кейбір жағдайларда (мысалы, шөптен, майдан қалған дақтар), жібектен тігілген затты құтұару үшін кідіртпей әрекет ету керек.

Жібек матадан дақтарды кетіру: Қадамдық нұсқаулық

  1. Киімнің теріс жағынан затбелгіні тексеріңіз және заттың қолмен немесе құрғақ жууға жататынын біліңіз
  2. Perwoll Wool сияқты жібек және жүн заттарын жуу үшін арнайы әзірленегн құралды пайдаланыңыз.
  3. Көрінбейтін жерде (мысалы, ішкі тігісте) матаны түстердің төзімділігіне тексеріңіз.
  4. Даққа кір жууға арналған құралды жағып оны алдын ала өңдеңіз.
  5. Затты қолмен жуыңыз
  6. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз

Кір жууға арналған құралды таңдау

Жібек сияқты нәзік күтуді талап ететін маталар үшін, Perwoll Wool кір жууға арналған құралы ең жақсы келеді, бұны дақты алдын ала өңдеу үшін де, кір жуған кезде де пайдалану қажет. 

Дақтарды алдын ала өңдеу

Матаны өңдеу тәсілі ластану сипатына байланысты. Шарап, шырын, қан, кофе немесе шай, сия немесе сия патсасы, сондай-ақ су, сияқты сұйықтықтардан қалған дақтардың көпшілігі жағдайында, таза мата майлығы көмегімен ластанған жерді құрғағанша сүртіп, сосын затты теріс жағына аударып және салқын сумен дақты теріс жағынан жайып жіберу қажет.

Сосын (косметика, дезодорант, тер немесе қолтық астындағы шеңбер іздері сияқты көптеген дақтар жағдайында да) Perwoll Wool кір жууға арналған құралының кішкене мөлшерін тікелей даққа жағыңыз және кішкене күтіңіз, дегенмен құралдың кеуіп үлгіргеніне жол бермеңіз. 

Кір жуу және шаю

Затты Perwoll Wool қүралын пайдаланумен жылы суда қолмен жуыңыз.

Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз

Сіз алдын ала өңдеу және кір жуу рәсімін жүргізгеніңізден кейін жібек матада дақтардың іздері қалмағанын тексеріңіз. Қанағаттандырылмаған нәтиже жағдайында дақты таңдалған құралмен қайталай өңдеңіз, сосын затты жарты сағатқа Perwoll Wool кір жууға арналған сұйық құралы сұйылтылған суда жібітіңіз. Қайтадан киімді жуып алыңыз. Егер дақты кетіру бойынша бірнеше рет қайталанған әрекеттерден кейін дақтан құтыла алмасаңыз, ешюір жағдайда затты кептіргіш машинаға жібермеңіз. Оданша киімді химиялық тазартуға тапсырыңыз.

Жібек киімдегі дақтар және үй дақкетіргіштері

Жоғары белгіленген ұысынмдар галстуктар, жейделер, блузалар, көйлектер және тіпті кір жууға жататын дастархандар мен ақ жаймалар сияқты заттарға қатысты тиімді. Егер, жібек матадан дақты кетіру үшін, сізде табиғи дақ кетіргіштерді немесе үйде дайындалған құралдарды пайдалануға қатысты қатты ықыласыңыз пайда болса, бұл ойдан бас тартыңыз. Жібек - нәзік мата, оны бүлдіру өте оңай, тіпті табиғи заттарды пайдаланған кезде де. Оданша, ерекше күтуді талап ететін маталардан жасалған заттарды жуу үшін арнайы әзірленген құралды пайдаланыңыз.

Жібек галстугыңызда немесе жейдеңізде дақ пайда болды ма? Нәзік мата тиісті пайдалануды талап етеді, дегенмен дақтардың көпшілігін сіз өздігінен кетіре аласыз, егер жоғары келтірілген кеңестерді пайдалансаңыз.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан сәндік косметикадан және далаптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

    Тер дақтарын жейдеден қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады