Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады
Бүкіл әлемде шай және кофе негізгі азық-түлік өнімдерінің тізіміне кіреді. Таңертең жұмыс күні бастар алдында ішкен ыстық кофеден рахат алуды, немесе түймедақ шайын ішіп отырып демалуды жай ғана епсіздік бұзу мүмкін - ол аударылып киіміңізге төгілген сусын.
Сергітетін сусыннан (бұл эспрессо болсын, көк немесе қарай шай болсын) қалған дақтарды кетіру аса күрделі болып көрінбейді. Мұндай дақтарды кетіру үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет.
Кофе немесе шайдан қалған дақтарды киімнен және маталардан кетіру: қадамдық нұсқаулық
Дақты кетіруге кірісер алдында бұйымыңыздың заттаңбасындағы ақпаратпен мұқият танысыңыз. Сосын төменде ұсынылған ұсынымдарды орындаңыз.
- Сұйықтықтың артығын кетіру үшін, дағы бар орынды таза, құрғақ матамен немесе майлықпен сорып алыңыз.
- Өңделетін матаның түріне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз.
- Өнімнің заттаңбасында көрсетілген мөлшерлеу бойынша ақпаратты мұқият оқып біліңіз.
- Бұйымның заттаңбасындағы ақпаратты басшылыққа алып кір жуу режимін таңдаңыз.
- Дақты Persil кір жууға арналған құралымен алдын ала өңдеңіз.
- Затты жуыңыз және суық суда шайыңыз.
- Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз.
Кір жууға арналған құралды таңдау
Киімнен дақтарды кетіруге кірісер алдында бұйымыңыздың заттаңбасындағы ақпаратты тексеріңіз. Осы заттың кір жууға жататындығына көз жеткізу керек. Егер шектеулер жоқ болса, ақ және ақшыл түсті заттар үшін Persil Vernel ұсынған Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктемгі Балғындық топтамаларынан шыққан кір жууға арналған құлардарын пайдаланыңыз. Дегенмен кір жуар алдында, осы затты оттегі ағартқышын пайдаланумен жууға болатындығын тексеріп алыңыз. Түрлі-түсті заттар үшін Persil Color немесе Persil Color Vernel ұсынатын Балғындық топтамаларынан шыққан құралдарды пайдаланыңыз. Нәзік кір жууды талап ететін маталар жағдайында Perwoll кір жууға арналған арнайы құралын пайдалану ұсынылады.
Алдын ала өңдеу
Дақтарды түрлі түсті киімнен дақтарды кетіру қажет болғанда ең алдымен матаны түстерінің төзімділігіне тексеру керек. Сонымен қатар бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен алдын ала танысыңыз. Сұйықтықтың артығын кетіру үшін дақты таза матамен сорып алыңыз. Егер Сіз гельді пайдалансаңыз, онда кір жууға арналған құралды тікелей даққа жағыңыз, құралды ақырын матаға сылап сіңдіріңіз және 5-10 минут күтіңіз. Қиын кетірілетін немесе ескірген дақтар жағдайында Persil кір жууға арналған таңдалған құралын жылы суға қосыңыз да киімді осы ерітіндіде екі сағат жібітіңіз.
Кір жуу
Кофе немесе көк шайдан қалған дақтарды кетірген кезде жібіту үшін суық суды пайдаланыңыз.
Дегенмен заттарды олар үшін рұқсат берілетін температурада жуыңыз.
Ең жоғары қауіпсіз температура туралы киімнің затбелгісінен білуге болады.
Жағдайлардың көпшілігінде дақтарды бірінші жуғаннан кейін кетіруге болады. Егер киімде шай немесе кофеден қалған дақтар қалса, алдын ала өңдеу және жуу рәсімін қайталау қажет.
Кофе немесе шайдан қалған дақтарды киімнің және маталардың ерекше түрлерінен кетіру
Жоғарыда келтірілген кеңестер жейделерден, шалбардан немесе ақжаймалардан дақтарды тиімді кетіруге көмектеседі.
Нәзік маталар ерекше күтім көрсетуін талап етеді. Егер полиэстерден және мақтадан тігілген жейделер машинамен жууға жататын болса, жібек және жүн бұйымдарын Perwoll арнайы кір жуғыш құралын пайдаланып жуу керек.
Кофе немесе шайдан қалған дақтарды түрлі түсті киімнен және маталардан кетіру
Persil кір жууға арналған құралын немесе кез келген басқа құралды пайдаланар алдында заттың кішкене көлемін киімдегі көрінбейтін жерге жағып матаны түстерінің төзімділігіне тексеру қажет. Сонымен қатар бұйымыңыздың заттаңбасындағы ақпаратпен танысуды ұмытпаңыз. Кофеден қалған дақтарды түрлі түсті киімнен кетірер алдында осы мақсаттар үшін арнайы арналған Persil Color Gel немесе Persil Color Vernel ұсынған Балғындық топтамаларынан шыққан құралдарды пайдаланыңыз.
Кофеден немесе шайдан қалған кеуіп кеткен дақтарды кетіруd
Кофеден немесе шайдан қалған кеуіп кеткен дақтарды кетіру сәл қиынырақ болады. Ақ жейдеден немесе шалбардан кофе аққан іздерін кетіру үшін былғанған затты Persil кір жууға арналған құрал ерітілген жылы суда бір-екі сағатқа алдын ала жібіту қажет. Дақты алдын ала өңдеуге кірісер алдында бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Дақты алдын ала өңдегеннен кейін киімді шайыңыз және осында келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес жуыңыз.
Кофе және шай дақтарына қарсы халықтық құралдар
Кофе және шай дақтарын кетіруге арналған халықтық құралдарды қолдануға тырыспаңыз. Persil кір жууға арналған құралдарға қарағанда, мұндай құралдар дақтарды кетіру үшін арналмаған және мәселені қиындатып жіберу мүмкін. Матаға спиртті сылап сіңірту нәзік күтім жасауды талап ететін матаның талшықтарын зақымдау мүмкін, ал сутек асқын тотығы - оның түсін өзгертіп жіберу мүмкін. Өз кезегінде сіркені пайдалану уақыт өте келе кір жуғыш машинаның резеңке немесе пластик бөлшектерінде жағымсыз әсер қалдыру мүмкін.
Киіміңізде кездейсоқ пайда болған даққа күніңізді бұзуға жол бермеңіз! Киімнен шай немесе кофе дақтарын жылдам әрі тиімді кетіру үшін жоғарыда берілген нұсқаулықтарды орындаңыз.