Skip to Content

Қызыл шараптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Кешкі ас алдындағы бір бокал шарап сияқты еш нәрсе босаңсытпайды. Олай көбісі ойлайды. Дегенмен бір ғана абайсыз қимыл - және киімнің немесе дастарханның үстінде шарап дағы жайылып кету мүмкін. Бақытқа орай, егер іске уақытына кіріссек, оны кетіру еш қиынға соқпайды. Ол үшін төменде берілген кеңестерді орындау қажет.

Қызыл шараптан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

Шарап дақтарының түрлері

Қызыл шараптың көптеген сұрыптары бар. Пастадан, стейктен немесе дәмтатымдардан рахат алу үшін Сіздің қандай сұрпын таңдағаныңызға қарамастан, байқамастан төңкерілген шарап сөзсіз затыңызда терең із қалдырады.

Қызыл шараптан қалған дақтарды кетіру: қадамдық нұсқаулық

Дақты кетіруге кірісер алдында бұйымыңыздың заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Сосын төменде ұсынылған ұсынымдарды орындаңыз.

  1. Өңделетін матаның түріне сәйкес Persil кір жууға арналған құралын таңдаңыз.
  2. Шарап киімге түскеннен кейін, барынша тезірек осы жуғыш құралды (сыламай) ластанған жерге жағыңыз.
  3. Сосын өнімнің заттаңбасында көрсетілген мөлшерлеу бойынша ақпаратты мұқият оқып біліңіз.
  4. Бұйымның затбелгісіндегі және кір жууға арналған құралдың заттаңбасындағы ақпаратты басшылыққа алып кір жуу режимін таңдаңыз.
  5. Затты ол үшін рұқсат берілетін температурада жуыңыз және оны шайыңыз.
  6. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз.

Шараптан қалған дақтарды жуу үшін тиісті құралды таңдаңыз

Кір жуу үшін тиімді және дұрыс құралды пайдаланыңыз. Қызыл шараптан қалған дақтарды кетіру үшін бәрінен жақсы Vernel-ден Persil Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктем Балғындығы топтамалардан шыққан құралдар келеді.

Дегенмен кір жуар алдында, осы затты оттегі ағартқышын пайдаланумен жууға болатындығын тексеріп алыңыз. Түрлі-түсті ақжаймалар үшін Vernel ұсынатын Persil Color немесе Persil Color Балғындық топтамаларынан шыққан құралдарды пайдаланыңыз.

Дақтарды тез алдын ала өңдеу

Шарап дақтары матаға лезде сіңіп кетеді. Егер Сіз затыңызды шараппен былғап алсаңыз, барынша тезірек оны тиісті түрінде өңдеуге тырысып көріңіз. Ең алдымен бұйымның затбелгісіндегі ақпаратпен танысыңыз. Сосын матадан шараптың артығын жинап алу үшін дақты қағаз сүлгімен сорып алу қажет. Ешқашан дақты майлықпен үйкемеңіз, себебі бұл мәселені қиындатып жіберу мүмкін. Егер Сіз гельді пайдалансаңыз, онда былғанған жерге: ақ және ақшыл заттар үшін - Persil Vernel ұсынған Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктемгі Балғындық топтамаларынан шыққан, түрлі түсті заттар үшін - Persil Color Gel немесе Persil Color Vernel ұсынған Балғындық құралын жағып, оны матаға сіңіртіп, 5-10 минут күту қажет. Қиын кетірілетін немесе ескірген дақтар жағдайында киімді екі сағатқа судың және Persil кір жууға арналған құралдың ерітіндісінде жібітуге болады. Кез келген жағдайда дақты өңдеу алдында бұйымыңыздың затбелгісіндегі ақпаратпен танысыңыз.

Киімді жуу

Алдын ала өңдеуден кейін затты ол үшін рұқсат берілген температурада таңдалған Persil кір жууға арналған құралын пайдаланумен жуыңыз (матаның түріне қарай). Кір жуудың температуралық режимі бойынша шектеулерді білу үшін бұйымыңыздың затбелгісін мұқият оқып біліңіз.

Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру

Бірінші реттен дақтан құтылу әрқашан да шыға бермейді, сондықтан кір жуғаннан кейін затты мұқият қарап шығуын ұмытпаңыз. Егер матада дақтардың көзге көрінетін іздері бар болса, еш жағдайда киімді кептірмеңіз, өйткені бұл мәселені қиындатып жіберу мүмкін. Мұндай жағдайда затты 1-2 сағатқа Persil кір жууға ранлған құралы қосылған суда жібітіп, сосын тағы бір рет жуу керек.

Қызыл шараптан қалған дақтарды киім мен маталардың ерекше түрлерінен кетіру

Егер қызыл шараптан қалған дақтарды дастарханнан, джинс шалбардан немесе кез келген басқа мата түрінен кетіру қажет болса, маталар түрлерінің көпшілігі үшін тиімді болып табылатын жоғарыда келтірілген кеңестерді орындаңыз. Машинамен кір жууға жатпайтын киім және үй ішінде пайдаланатын затта жағдайында, ластанған жерді кір жууға арналған құралдың көмегімен жақсылап жуып затты ауада кебуге қалдыру қажет.

Нәзік күтім жасауды талап ететін маталарды, мысалы, жібек және жүнді, әдетте кір жуғыш машинада жууға болмайды. Мұндай жағдайда Perwoll арнайы кір жууға арналған құралды пайдаланыңыз.

Қызыл шараптан қалған дақтарды ақ ақжаймалардан немесе үй ішінде пайдаланылатын заттардан кетіру

Қызыл дақ ақ заттардың бетінде қан дағы сияқты көрінеді. Сондықтан егер заттарыңыздың әлдеқайдағылары осы сусыннан зардап шексе, сұйықтықтың матаны біржолата бояп жіберуге үлгермей тұрғанда мұндай жағдайда жылдам қимылдау өте маңызды. Қызыл шараптан қалған дақтарды ақ жейдеден, шалбардан, джинстен немесе матадан жоғары келтірілген нұсқалықтарды орындап кетіруге болады. Дегенмен, дақты кетіруге кірісер алдында бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз.

Ескі немесе кеуіп кеткен шарап дақтарын кетіру

Егер сізге матадан ескірген дақты кетіру керек болса немесе егер Сіз заттың толығымен кірі кетпегенін байқамай оны кептірсеңіз торықпау керек. Төменде мұндай түріндегі мәселелерді жеңіп шығуға көмектесетін кеңестер келтірілген.

Дақты кетіруге кірісер алдында бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Егер Сіз гельді пайдалансаңыз, онда былғанған жерге: ақ және ақшыл заттар үшін - Persil Vernel ұсынған Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктемгі Балғындық топтамаларынан шыққан, түрлі түсті заттар үшін - Persil Color Gel немесе Persil Color Vernel ұсынған Балғындық құралын жағып, оны матаға сіңіртіп, 5-10 минут күту қажет. Қиын кетірілетін және кеуіп кеткен дақтар жағдайында матаны бірнеше сағатқа Persil кір жууға арналған құралы еріген жылы суда жібітіңіз.

Алдын ала өңдеуден кейін затты ол үшін рұқсат берілген температурада таңдалған Persil кір жууға арналған құралын пайдаланумен жуыңыз. Егер дақтардың іздері көрінетін болса, рәсімді ең басынан бастап қайталаңыз.

Дақтарды кетіруге арналған халықтық құралдар

Дақтарды кетіруге арналған халықтық құралдар дақтармен күресуде мінсіз болып табылады деп жиі естіп тұрамыз. Дегенмен, шарап (және көптеген басқа) дақтары жағдайында бұл ең жақсы шешім болады деп айтуға болмайды. Олардың көпшілігін пайдалану көп уақыт және күш алатындарына қоса бұл заттардың тиімдігі төмен болғанын да ескеру керек. Мысалы, сутек асқын тотығы киіміңіздің түсін бүлдіріп жіберу мүмкін. Тек қана Persil кір жууға арналған құралдарын пайдаланыңыз, себебі олар арнайы осы мақсаттар үшін жасалған болатын.

Қызыл шарапты жейдеге немесе диванға байқамай төгіп алдыңыз ба? Жоғары келтірілген кеңестерді пайдаланыңыз да дақты еш күш салмай кетіресіз.

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color кір жуғыш ұнтағы

    Persil Көктемгі Балғындық кір жуғыш ұнтағы

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Шырыннан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Киімнен және маталардан кофе немесе шайдан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Куркумадан қалған дақтарды қалай кетіруге болады