Skip to Content

Ақ түсті киімнен дақтарды қалай кетіру керек

Дақтарсыз және кірдің іздерісіз ақ түсті киім - нағыз ерлік. Сіз қандай жинақы болмасаңыз да, ақ түсті заттар, магнит сияқты,  жуылуы бәрінен қиын болатын дақтарды: қышадан, кетчуптен немесе тұздықтардан, тамақтан қалған іздерді, дезодоранттан аққан іздерді, қан, тер тамшыларын, шарап дақтарын, шайдан немесе кофеден қалған іздерді және қолтық астындағы терден қалған дақтарды өзіне тартады. Тіпті шоколадтың кішкене ғана тілімі нағыз апатқа айналу мүмкін. Ешбір жағдайда киімдегі мұндай ластануларды ілтипатсыз қалдыруға болмайды. Егер сізге ақ түсті заттардан дақтарды кетіру мәселесімен тап болуға тура келсе, төменде белгіленген ұсынымдармен танысыңыз.

Ақ түсті киімнен дақтарды қалай кетіру керек

Ақ түсті жейдеден дақтарды кетіру

Тамақтан, тұздықтан немесе шырыннан дақты жейдеге отырғызу бәрінен оңай. Дегенмен біз қолтық аймағындағы дезодоранттан немесе терден қалған іздер сияқты құбылыспен бәрінен жиі тап боламыз. Осы сары шеңберлердің матадан із қалдырмай жоқ болып кетуі үшін көп күш салу талап етіледі. Бұдан басқа, мұндай дақтармен бірге жейдеге жағымсыз иіс жиі келеді.

Ақ түсті шалбардан немесе шортыдан дақтарды кетіру

Бәрінен жиі шорты және шалбар шөппен, ласпен, күннен қорғайтын кремдермен, лосьондармен және басқа косметикалық құралдармен ластанады. Ал егер сізде балалар болса, онда сіз олардың ақ шалбарларының кейде жеміс немесе көкөніс шырынынан зиян шегетіндерін өзіңіз де білесіз. Тек бала ғана емес, тіпті ересек адам да, ұмытып қалып, қолын кездейсоқ шалбарына сүртіп, оның бетінде тамақ, май іздерін қалдыру мүмкін.

Ақ түсті заттардан дақтарды кетіру

Ақ түсті көйлек әрқашан да әсерлі көрінеді және өзіне назар тартады, сондықтан оны тазалықта ұстау өте маңызды. Сіз қайда болмасаңыз да (көліктегі орындықтар қатарлары арасында сығылысуға тырыссаңыз немесе жай ғана табиғатта шуақ күнге рахаттансаңыз) маңызы жоқ, бәрінен жиі ақ көйлектер косметика және қан іздерінен зардап шегеді. Ақ көйлектерді жиі нәзік маталардан тігеді. Бұл оларды тек қолмен ғана жууға болатынын немесе химиялық тазартуға тапсыруын (дақтарды кетіру қажет болған кезде) білдіреді. Дақты кетіруге кірісер алдында көйлек заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Егер сізде өз іс-әрекеттеріңіздің дұрыстығында күмәндіктер пайда болса, маманнан кеңес алу үшін хабарласыңыз.

Ақ кроссовкалардан дақтарды кетіру

Ақ кроссовкалар оларда ластан, шөптен немесе жапырақтардан қалған дақтар пайда болу үшін әдейі шығарылған сияқты. Әйткенмен, осы аяқ киім жиі мектепте немесе спорт секциясында дене шынықтыру сабақтарында спорттық киімнің міндетті элементі болып табылады. Ақ кроссовкалар жағдайында дақтарды мүлдем басқа тәсілмен кетіреді. Дақты кетіруге кірісер алдында кроссовкалардың заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз. Егер аяқ киімді ластан тазарту қажет болса, оның толығымен кепкенін күтіңіз, және жұмсақ түкті шөтке көмегімен кроссовкалардың бетін өңдеп шығыңыз.

Содан кейін оларды жылы сумен сүртіңіз. Абай болыңыз - көп су көлемін пайдаланбаңыз, әйтпесе аяқ киімге су өту мүмкін. Persil кір жууға арналған құралын жағыңыз. Содан кейін кроссовканы қайтадан шөткемен өтіп шығыңыз, немесе оларды сүлгімен сүртіп шығыңыз. Жақсылап шайып жіберіңіз. Қажет болған кезде кір жуу рәсімін қайталаңыз.

Дақтарды кетіргеннен кейін кроссовкаларға қағаз майлықтарды тығып толтырыңыз. Бұл аяқ киім кеуіп тұрған кезде оның пішінін сақтауға көмектеседі. Кроссовкаларды қосылған желдеткішке қарама-қарсы қоюға болады. Былай олар тезірек кебеді.

Ақ түсті киімнен дақтарды кетіру: қадамдық нұсқаулық

Ақ түсті джинстен, шортыдан, шалбардан немесе жейдеден дақтарды кетіру мәселесімен тап болдыңыз ба? Онда төменде берілген ұсынымдарды орындаңыз.

  1. Дақты кетіруге кірісер алдында бұйымның заттаңбасындағы ақпаратпен танысыңыз.
  2. Матаның түсіне және түріне сәйкес Persil кір жууға арналған құралды таңдаңыз. Ақ және ақшыл заттар үшін Vernel-ден Persil Балғындық, Persil Лаванда және Persil Көктем Балғындығы топтамалардан шыққан құралдар мінсіз келеді.
  3. Өнімнің заттаңбасында көрсетілген мөлшерлеу бойынша ақпаратты мұқият оқып біліңіз.
  4. Бұйымның заттаңбасындағы ақпаратты басшылыққа алып кір жуу режимін таңдаңыз.
  5. Даққа кір жууға арналған құралды жағып оны алдын ала өңдеңіз.
  6. Затты жуыңыз да шайып шығыңыз.
  7. Кір жуғаннан кейін затта дақтардың қалмағанын тексеріңіз. Қажет болған жағдайда рәсімді ең басынан бастап қайталаңыз.

Дақкетіргішті таңдау

Vernel ұсынған Persil Балғындық кір жууға арналған құралдар ақ киімнен ласты кетіру үшін арнайы әзірленген, сондықтан Сізге осы мәселені шешу үшін қосымша құралдарды тарту талап етілмеу мүмкін. 

Ешбір жағдайда заттарды тазарту үшін лимон қышқылы немесе сутек асқын тотығы сияқты дақкетіргіштерді пайдаланбаңыз, себебі олар киімнің түсінде жағымсыз біліну мүмкін.

Дақтарды алдын ала өңдеу

Сіздің әрі қарай іс-әрекеттеріңіз сізге кетіруге тура келетін дақтардың түріне бүтіндей байланысты. Шырын (немесе кез келген басқа сусын), қан және қызыл шарап сияқты сұйықтықтардан қалған дақтар жағдайында, ластанған орынды таза мата майлықпен құрғағанша сулап жіберіп, ал содан кейін затты алдын ала теріс айналдырып дақты сумен шайып жіберу қажет. Егер бұл тамақтан немесе майдан қалған дақ болса, әуелі қатты бөлшектердің қалдықтарын жою керек, ал сосын ластанған орынға таңдалған Persil құралын жағып (тура даққа), оны мұқият матаға сылап сіңдіру және кішкене күту қажет. Дегенмен мұндай заттарды пайдаланар алдында киімнің заттаңбасындағы өндірушінің затқа күтім жасау ережелеріне қатысты ақпаратымен міндетті түрде танысу керек.

Қиын кетірілетін немесе ескірген дақтар жағдайында, киімді кір жууға арналған құрал қосылған салқын немесе жылы суда жібітуге болады.

Кір жуу және шаю

Ақ киімді жууға кірісер алдында заттаңбадағы өндірушінің заттарға күтім жасау ережелеріне қатысты ақпаратпен міндетті түрде танысу керек. Нәзік кір жууды талап ететін киім үшін Perwoll құралын пайдаланыңыз. Қалған қаттарды олар үшін рұқсат берілетін температурада жуыңыз.

Заттарды дақтардың жоқтығына тексеру

Кір жуу аяқталғаннан кейін киімде дақтар іздерінің қалмағанын тексеріңіз. Егер затта дақтар қалса, былғанған матаны алдын ала өңдеу және жуу рәсімін қайталаңыз.

Ақ киім басты ауыртпай, қуаныш әкелуге тиіс. Осында келтірілген кеңестерді пайдаланыңыз, және Сіздің заттарыңыз әрқашан аппақ болып жарқырай берсін!

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

  • ЖҚС

    ЖҚС

  • Кір жуу туралы кеңестер

    Кір жуу жөніндегі пайдалы кеңестер

Қосымша өнімдер

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

  • Vernel-ден Балғындық гелі

    Persil Vernel-дің Тазалығы гелі

  • Color гелі

    Гель Persil Color

  • FbV кір жуғыш ұнтағы

    Persil Vernel-дің Тазалығы кір жуғыш ұнтағы

Latest articles

  • Үй жануарларынан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Үй жануарларынан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

    Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

  • Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады

    Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады

  • Үй жануарларынан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

    Үй жануарларынан қалған дақтарды қалай кетіруге болады

  • Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

    Сағыз дақтарын қалай кетіруге болады

  • Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады

    Киімнен несеп, нәжіс немесе құсық дақтарын қалай кетіруге болады